414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда автобус апатынан бес адам қаза тапты

  • 63
  • UPD: 15:06, 16.02.2021
Түркияда автобус апатынан бес адам қаза тапты

Түркияның орталығындағы Конья қаласының маңында болған автобус апатынан бес адам қаза тауып, 38 адам жараланды.

Оқиға Конья-Адана тасжолында болған, деп хабарлады РИА Новости. Көктайғақ салдарынан жүк көлігі тасжолдағы кедергіге соғылып, бір жақ бүйірімен қисайып қалған. Жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесу үшін жеңіл көлік тоқтады. Сол кезде өтіп бара жатқан автобус жол жиегінде тұрған көлікті қағып кетіп, салдарынан екі көлік те аударылып қалды. Жеңіл автокөліктің екі жолаушысы және автобустың үш жолаушысы қаза тапты. Олардың барлығы Түркия азаматтары екендігі хабарланды.

Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы