Перуде мемқызметшілер вакцинаны кезектен тыс алды

Перуде вакцинаға қатысты жанжал өршіп барады. Мұнда 500-ге жуық мемлекеттік қызметкердің кезектен тыс екпе салдырғаны белгілі болды.

Негізі Перуде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналаудың басталғанына 10 күн ғана болды. Қазір препаратты медицина қызметкерлері алып жатыр. Бұған дейін елдің сыртқы істер министрінің кезектен тыс екпе салдырғаны белгілі болды. Осыдан кейін шенеунік отставкаға кеткен. Ал одан сәл ертерек экс-президенттің де осындай әрекетке барғаны анықталды. Бұл үшін денсаулық сақтау министрі қызметінен айырылған. Ұқсас деректердің жиілеп кетуіне байланысты елде арнайы комиссия құрылды.

Франсиско Сагасти, Перу президенті:

- Бұл шектен шығу. 487 адам қызметін асыра пайдаланып, коронавирусқа қарсы екпе салдырып алған. Олардың қатарында жоғары лауазымды тұлғалар көп. Бұл өте өкінішті жағдай.

Сондай-ақ...