Бразилияда халықты вакциналау науқаны тоқтатылды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны уақытша тоқтатылды. Бұған вакцина тапшылығы себеп.

Биліктің хабарлауынша, қаладағы препарат қоры таусылуға жақын қалған. Елдің өзге қалаларында да осындай жағдай. Енді Рио-де-Жанейро басшылығы вакциналау жұмыстарын келесі аптада қайта жалғастыруға үміттеніп отыр. Өйткені сол кезде препараттың жаңа партиясы жеткізілуі тиіс. Рио-де-Жанейрода коронавирустан 18 мың адам көз жұмған. Шаһар кісі өлімі бойынша Бразилияда екінші орында тұр. Бірінші орында Сан-Паулу.