COVID-19: Францияда концерт залындағы адамдарға тәжірибе жүргізіле бастады

Франция өзінше зерттеу жұмысын қолға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Концерт пен спектакльге көрермен жіберіп, жиналған жұртшылық арасында тәжірибе жүргізуді де дұрыс көрген. Яғни, қауіпті вирус шын мәнінде көрермендер арасында қалай тарайтынын бақылау үшін қайта көрсете бастау үшін тәжірибе өткізбекші. Елдің Мәдениет министрі Розлин Башло жергілікті телеарнаның бірінде өз ойын ортаға салыпты. Башло көктем кезінде осы мақсатта екі концерт ұйымдастырып, вирустың таралу барысын зерттеледі. Концерттің бірін Марсельде, ал екіншісін Парижде өткізу жоспарланған. Марсельдегі концертке 1 мың, ал Парижде 5 мың көрерме жинау көзделген. Тәжірибені ғалымдармен бірге дәрігерлер де бақылайтын болады.

Розлин Башло, Франция мәдениет министрі:

- Концертті тамашалау үшін көрермендер алдын ала тест тапсырады. Бірақ вирустың таралуын байқау үшін залға дертке шалдыққан адамдар да кірігізіледі. Әрине, санитариялық талаптар, сақтық шаралар сақталады. Яғни көрермендер қолдарын зарарсыздандырып, бетперде тағып отырады. Концертке келгендер арасында вирустың қалай тарайтыны зерттелетін болады.

Тәжірибе нәтижесіне сай бұқаралық іс-шараларға қатысты шешім қабылданады. Егер санитариялық талаптар індеттің таралуын тежейтін болса, онда көпшілік үшін концерттік залдар ашылады.

Айта кетейік, Францияда театрлар мен кинозалдар және концерт алаңдары қазанның 30-ынан бері жабық тұр.