Ұлыбританияда карантиннен қашқан туристерге айыппұл салынды

Ұлыбританияда 10 күндік карантиннен жалтарған 4 туристке айыппұл салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «қызыл» аймаққа жататын елдерден келген, бірақ оны жасырып қалған. Тәртіп бұзушылар жалған сөйлеп, оқшауланудан құтыламыз деп ойлаған. Алайда олардың қулығы іске аспады. Енді әрқайсысы 10 мың фунттан төлеуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, Британия билігі «қауіпті» деп таныған 33 елден келген жолаушының бәрін жарты айға карантинге жабуға міндеттеген болатын. Әрі олар карантин шығынын өз қалтасынан төлеуі тиіс. Тіпті Корольдік үкіменті арнайы қонақ үйлер дайындаған. Британия бойынша 5 мың бөлмесі бар осындай 16 мейманхана жасақталған. Оларда ұйымдастырушылар барлық жағдай жасалған дейді.

Винсент Мадден, карантиндік қонақ үйдің директоры:

- Әрбір қонаққа күнде 2-3 рет қоңырау шалып, қалдарын біліп отырамыз. Сондай-ақ үкімет өкілдері де күн сайын хабарласуға міндеттеме алған. 10 күнге арналған ас мәзірі де әзірленген. Онда тамақтанудың барлық ерекшеліктері қамтылған.