Испанияда рэперді тұтқындау тәртіпсіздіктерге әкелді

Испанияда патша әулетіне тіл тигізіп, лаңкестікті мадақтаған рэпер әнші Пабло Хасельді тұтқындау тәртіпсіздіктерге әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің бірқатар қаласының көшелеріне мыңдаған адам көшеге шығып, полицейлерге тас пен шөлмек лақтырып, тәртіп сақшылары оларды тарату үшін күш қолданды.

Шеруге рэпердің 2018 жылы Twitter-дегі жарияланымдарына байланысты сот үкімі түрткі болды. Ол кезде Хасель террорлық әрекеттерге қолдауын білдіріп, патша әулеті мен мемлекеттік органдарға ғайбат сөздер айтқан еді. Осыған байланысты сот жақында рэперді 9 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Бірақ рэпер жазасын өтеуден бас тартып, полиция оны күштеп ұстаған еді. Айта кетейік, Пабло Хасель 2015 жылы тағы да лаңкестікті мадақтағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.