Калифорния штатында екі вакциналау орталығы ашылды

АҚШ-тың Калифорния штатында 2 вакциналау орталықтары ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұлар Джо Байден әкімшілігі билігінің алғашқы 100 күнінде 100 екпе орнын ашу бағдарламасы аясында іске қосылды. Екі жаңа орталықта күніне 3 мың доза салынады деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде бұл орындарға келіп жатқан адамдар саны өте көп. Тіпті күзетшілер көліктерді тексеріп, өткізіп үлгере алмай әлек. Осы аптада вакциналау орталықтары Техас және Нью-Йорк қалаларында да ашылмақ.

Роберт Фентон, ұйымдастырушы:

- Президентіміздің COVID-19-ға қарсы күрес бойынша ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыруға белсене кірісіп кеттік. Екпе салдырғысы келетіндер енді қысылмай келе берсе болады. Барлық жағдайды жасап қойдық.