Оңтүстік Африка Республикасы AstraZeneca вакцинасына күмән келтірді

Оңтүстік Африка Республикасы AstraZeneca вакцинасын өндірушіге кері қайтаруға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет британ-швед компаниясы жасап шығарған препараттың бір миллион дозасын ақпанның басында алған еді. Алдағы апталарда мұнда тағы 500 мың дозасы жеткізілу керек-тін. Алайда жергілікті ғалымдардың жүргізген зерттеуі бойынша екпенің коронавирустың оңтүстікафрикалық штамына қарсы тиімділігі төмен болып шыққан. Сол себепті вакциналау науқанын кейінге қалдыруға тура келді. Енді билік AstraZeneca орнына Johnson & Johnson екпесін қолдану шешімін қабылдаған.