Чилиде мыңдап балық қырылды

Мамандар сардина деген түрі деп жазды. Балықтардан алынған анализ қорытындысы олардың қандай да бір дертке ұшырамағанын дәлелдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни табиғи әсер деген ұстанымға тоқтап отыр. «Жалпы салмағы 3 мың тоннаға жуық сардина теңізден Ларакете өзеніне қоныс аударған. Сол кезде дарияда оттегі шамадан тыс көбейіп кетіп, тіршілік иелерінің қырылуына себеп болған», - дейді сарапшылар. Өкілетті орындар балықшыларды да кінәлайды. Себебі олар ау құрып, тіпті соңынан түсіп, қуалап, теңіздегі балықтардың мазасын алады екен.

Хуан Веласкез, жергілікті тұрғын:

- Күн қызған кезде біртүрлі иіс таралды. Бара-бара тіптен саси бастады. Әсіресе, жақын маңда тұратындар адамдарға қиын болды. Өте жаман.