417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Африканың алты елінде эбола тіркелді

  • 69
  • UPD: 14:39, 17.02.2021

Африкаға коронавирус қана емес, сондай-ақ Эбола індеті де қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл инфекция аталған құрлықтағы 6 елден табылған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі мәлімдеді. Осыдан 3 күн бұрын Гвинеяда туысының жерлеу рәсіміне қатысқан бір отбасының барлық мүшесі эболаны жұқтырғаны анықталған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл тергеу амалдарын қолға алған.

Маргарет Харрис, ДДСҰ өкілі:

- Гвинеяда Эболаны 7 адамның жұқтырғанын білеміз. 3 науқас көз жұмды. Жұқтырғандармен байланыста болған 115 адамды анықтадық.

Сондай-ақ Конгоның шығысында 4 адам эбола жұқтырды. Өкінішке қарай, 2 науқас қайтыс болған. Осыған байланысты бұл елде жаппай вакциналау науқаны басталды. Індетке қарсы вакцинаның 1200 дозасы өткен аптада жеткізілген болатын. Екпе шаралары бірінші кезекте Эбола таралған 4 ауданда жүргізілмек. Ауруға шалдыққандармен қарым-қатынас жасаған 300-ге жуық тұрғын оқшауланған.

Хабар 24 телеарнасы