Семейде пандемияға арналған көрме ашылды

Семейде Невзоровых атындағы музейде «пандемиялық» көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті суретші Виктор Шмидт көрермен назарына карантин тақырыбындағы туындыларын ұсынды. Автор қағаз бетіне түсірген терең ойлары арқылы қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерін жеткізуге тырысқан. Мысалы, бір қайықта отырған кейіпкерлер картинасы бәріміздің де бір жағдайға түскенімізді аңғартып тұрса керек. Қыл қалам шебері бұл еңбектерін ватман, қатты қағазға, тіпті фанерге салған. Жалпы көрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.

Ильвира Халитова, музейдің ғылыми қызметкері:

- Бір жұмысы мысалы карона-тәж. Айтайын деген ойы – осы каронавирустың келуі осы өмірде зұлымдық көбейді. Ең бірінші адамдар өз басындағы тәжін шешу керек. Яғни, ол тәкаппарлығы, менмендігі, өзімшілдік сондай керек жоқ зұлым қасиеттерден арылып, егер біз олардан басымыздан тәжімізді шешсек, мүмкін осы коронавирус кетеді біздің өмірімізден деген ойын айтып тұрғандай.