Мигранттар лагерінде алғашқы екпе орталығы ашылды

Әлемде мигранттар лагеріндегі алғашқы вакциналау орталығы Иорданияда ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заатари лагерінде екпе салатын орнын ашуға Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары қолдау білдірген. Бұған дейін осы лагерьде тұратын 80 мың босқынның 2 мыңға жуығы Иордания билігімен екпе салдыру туралы келісімшартқа қол қойған болатын.

«Енді арнайы орталықтың ашылуы екпе алуға тілек білдірушілер қатарын арттыруы мүмкін», - дейді сарапшылар. Әзірге вакцинаны егде мигранттар қабылдап жатыр. Жалпы Иордания бойынша 663 мың сириялық босқын тіркелген.