Индонезияда коронавирусқа қарсы вакциналаудың екінші кезеңі басталды

Индонезияда коронавирусқа қарсы вакциналаудың екінші кезеңі басталды

Сөйтіп, енді екпе жасы 60-тан асқан азаматтарға, мемлекеттік қызметкерлерге, БАҚ өкілдеріне, споршылар мен базарда жұмыс істейтін саудагерлерге салынады.

Бұған дейін бірінші кезең аясында препаратты медицина қызметкерлері алған еді. Айта кеткен жөн, Индонезияда жаппай вакциналау науқаны 13 қаңтарда басталған. Қытайлық Sinovac препаратын ең бірінші болып президент салдырған. Негізі билік жыл соңына дейін 270 миллион халықтың үштен екісін екпемен қамтуға ниетті.

БЛИЦ:

– Базарда жұмыс істейтін сатушылардың барлығы екпе салдыратын болса, маған да осылай істеуге тура келеді. Бірақ менде оның тиімділігіне қатысты сұрақтар көп. Кейін денсаулығыма кері әсері болмай ма деп алаңдаймын.

– Мен вакциналаудың екінші кезеңі басталғанына қуанып отырмын. Жақсы емес пе? Қалыпты өмірге қайта оралатын боламыз.