Қырғызстанда саяси тұрақсыздық бизнестің дамуына кедергі болып тұр

Қырғызстанда кәсіпкерліктің дамуына басты кедергі елдегі саяси тұрақсыздық екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда-өнеркәсіп палатасының жыл сайын бизнесмендер арасында жүргізілетін сауалнама кезінде кәсіпкерлердің көбі осы мәселеге назар аударған екен. Саясат іскерлік белсенділікке басты кедергі ретінде алғаш рет аталып отыр.

Қырғыз кәсіпкерлері бұған дейін жүргізілген сауалнамаларда бизнестің дамуына көбіне қаржы субсидиялары, несиелік жеңілдіктер мемелкеттік құрыылмдардың қолдауы сынды мәселерді айтатын. Жемқорлықты да үнемі бизнестің басты жауы деп көрсететін. Бірақ бұл жолы дамуға басты тұсау - елдегі саяси тұрақсыздық деген. Сауалнамаға елдің әр аймағында және экономиканың түрлі саласында еңбек етіп жатқан 100-ден астам кәспкер қатысты.

Ленара Ниязбекова, Қырғызстан экспорттаушылары қауымдастығының президенті:

– Жемқорлық бұл тез арада шешілетін мәселе емес. Ал саяси тұрақсыздық мемлекет пен бизнестің жемқорлықпен күресін баяулатып отыр. Салдарынын барлығын қайта бастауға туралы келеді.

Кәсіпкерлер арасында сауалнаманы Сауда-өнеркәсіп палатасы инвестицияларды тарту бойынша халықаралық кеңеспен бірлесіп жүргізді. 34 сұрақтан тұратын анкета көп мәселелерді қамтыған. Олардың ішінде құқық қорғау органдардының кәсіпкерлер ісіне араласуы, күрделі кедендік прцедуралар, қаржылай ресустардың қожетімділігі, сот жүйесінің жұмысы және өзге де мәселелер бар. Бірақ жергілікті бизнесмендер елдегі саяси тұрақтылық бизнестің дамуының басты талабы екенін алғаш рет көрсеткен.

Эмил Уметалиев, Бішкек іскер клубының директоры:

– Бұл ең алдымен кәсіпкерлік үшін ортақ, түсінікті әрі ашық ережелердің бұлжытпай сақталуы керектігін көрсетеді. Яғни кәсіпкер мен оның ісінің дамуына қолайлы жағдай жасалуы керек.

Қырғызстанда бизнестің дамуына кедергі келтіріп тұрған мәселенің бірі – коронавирус пандемиясы. Бірақ кәсіпкерлер айтқандай, індетпен дүние жүзі күресіп жатса, саяси тұрақсыздық – жергілікті мәселе. Бұл сауалнама қаңтар айында жүргізілсе де, былтыр қызан айында болған жаппай тәртіпсіздіктердің салдары әлі жалғасып келе жатқанын көрсетеді.

Бакыт Чермашев