Ресейдегі көк түсті иттер әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

Жеті бірдей жануар Дзержинск қаласындағы зауыт аумағынан табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар Төменгі Новгородтағы клиникалардың бірінде мал дәрігерлерінің бақылауына алынды. Жұрт иттердің ерекше түсіне аң-таң. Алдын ала мәлімет бойынша бұл зауыттағы химиялық заттардың әсері болуы мүмкін. Иттердің жүні 3 зертханаға жіберілген. Алайда нәтижелер әлі дайын емес.

Илья Казаков, «Зоозащита НН» клиникасының басшысы:

– Жануарлардың жағдайы жақсы. Белсенді, тәбеттері де тәуір. Иттер бізге келіп түскенде, жалпы қан сараптамасын алған болатынбыз. Оған сәйкес, жағдайлары қалыпты деңгейде деуге болады.