Оңтүстік Африка Республикасы көптен күткен екпеге қол жеткізді. Сөйтіп, билік бірден вакциналау жұмыстарын бастап кетті.
Негізі науқан өткен аптада басталу керек болған. Тіпті елге «АстраЗенека» препаратының бір миллион дозасы да жеткізілген. Алайда жергілікті ғалымдар «ол вирустың оңтүстік африкалық штамынан қорғамайды» деген қорытындыға келген. Сол себепті билік вакциналау науқанын кейінге шегеріп, «АстраЗенека» орнына америкалық «Джонсон энд Джонсон» екпесін алдырған.
Айта кеткен жөн, Африкададағы коронавирус жұқтыру деректерінің үштен бірі осы елге тиесілі. Құрлықта індетке байланысты кісі өлімінің де жартысы Оңтүстік Африка Республикасында тіркелген.