417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүгедек жандар ғарышкер бола алады

  • 116
  • UPD: 10:39, 18.02.2021

Мүмкіндігі шектеулі жандар астронавт бола алады. Еуропалық ғарыш агенттігі осылай деп отыр.

Ұйым жуырда астронавтарды дайындау бағдарламасына жаңа кандидаттар қабылдай бастайды. Оған тарихта алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алады.

Ең бастысы, үміткерлер Еуропалық ғарыш агенттігіне мүше елдің азаматтары болуы шарт. Кандидаттарды қабылдау наурыздың аяғында басталады. Ал 26 үміткердің есімі тек қазанда ғана белгілі болмақ.

Хабар 24 телеарнасы