АҚШ-та бораннан 29 адам қаза тапты

АҚШ-тың оңтүстік штаттарында аяз жалғасуда. Бірнеше күн бойы жауған қар адамдарды әбігерге салып жатыр. Боран мен аяздан 29 адам көз жұмды. 3 миллионға жуық адам жарықсыз қалды. Әдетте қысы жылы штаттарда ауа температурасы минус 35 градусқа дейін жеткен. Тас жолдарда көктайғақ болғандықтан жол апаты жиілеген. Ал ауа райын болжаушылар болса, бүгін аяздың беті қайтып, жел шығысқа қарай ауатынын айтып отыр

Грегг Эббот, Техас губернаторы:

- Қазір қар жауып аяз қысқан штаттарда жол қатынасы қиындады. Біз жолаушылар ментұрғындардың қауіпсіздігі үшін күресіп, тиісінше жұмыс істеп жатырмыз.      

Таяу Шығыстағы Иерусалим қаласын да қалың қар жауды. Коммуналдық қызмет көшелер мен жодларды тазалап үлгірмей жатыр. Тель-Авике баратын тас жолдар жабылған. Ауа райын болжаушылар Таяу Шығыстағы өзге елдерде де қар жауып, күн суытатынын айтады. Ғалымдар мұның барлығы ғаламдық жылынуыдың салдары дегенді айтады.

Сондай-ақ...