Британдықтар коронавирустың 2020 жылғы штамын ағзасына салдырады

Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцина мен дертті емдеу әдістерін зерттеу үшін арнайы тәжірибе өткізгелі жатыр.

Сынақ індеттің жұғуына қанша вирус қажет екенін және ағзадағы иммундық қорғаныш қалай әрекет ететінін тексеру мақсатында жүргізілмек. Бұл үшін шараға қатысушылардың ағзасына 2020 жылы шыққан ковид-19-дың бастапқы штамы енгізілмек. Шараға 18 бен 30 жас аралығындағы 90 адам қатысады.