Испания ОАР мен Бразилиядан баратындарға міндетті карантин енгізеді

Испания Оңтүстік Африка Республикасы мен Бразилиядан келетіндер үшін міндетті карантин енгізеді. Оқшаулану кемінде 7 күнге созылмақ.

Елдің денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, бұл шаралар коронавирустың жаңа штамдарының таралуын тежеу үшін қажет. Жергілікті тұрғындар карантинді үйінде өткізеді. Сондай-ақ сыртқа шықпау талабы ковид-19-дың жоқ екендігін айғақтайтын тест нәтижесі болса да орындалуы тиіс. Соңғы дерек бойынша Испанияда індет жұқтырғандар саны 3 миллионнан асып, 66 316 тұрғын қайтыс болған. Билік бұған дейін 1 миллион 100 мыңға адамға вакцина салған.

Каролина Дариас, Испанияның денсаулық сақтау министрі:

- Сіздермен бізді алаңдатқан мәліметтерді бөлісейін. Британиялық штаммды 613, оңтүстік африкалық мутацияны 6, бразилиялық штаммды 2 адам жұқтырған. Сондықтан сапардан келгендер оқшауланып, басқалармен араласуды тоқтатуы керек.

 

Сондай-ақ...