Жарқанат вирусты жұқтырып алып, өзі неліктен ауырмайды?

Француз ғалымдары жұқпалы ауруларға байланысты зерттеулерді дамытуды ұсынып жатыр.

Себебі түрлі штамдардың пайда болуы жаңа эпидемияларға әкелуі мүмкін. Ал коронавирустың мутацияға ұшырауын климаттың өзгеруі және биоалуандылықтың азаюымен түсіндіреді. Және бұл мәселелерді зерттеуге аз көңіл бөлініп жатқанын айтады. Мысалы, жарқанаттардың вирусты жұқтырушы болғанымен өздері неге ауырмайтыны әлі күнге дейін анықталмаған. Кеселдің қалай жұғатыны да белгісіз. 9 жыл бұрын Таяу Шығыста тыныс алу жолы синдромы «МERSCoV-9» дертінің пайда болғанына қарамастан оған қарсы антиденені анықтайтын тест жасалмаған, вакцина да шығарылмаған.

Анн Гоффар, Пастер институтының зерттеушісі:

- Биоалуандылықтың азаюы, климаттың өзгеруі жаңа вирустардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Батыс Африкада қайта өршіген Эбола вирусы бізге келмейді деп үміттенемін. Бұл қауіпті дерт. Әлемге таралып кетуіне жол бермеуіміз керек. Бірақ жаңа вирустар әлі де шыға береді. Сондықтан жұқпалы ауруларды мұқият зерттеу қажет.

Яздан Язданпана, Франция денсаулық және медициналық зерттеулер ұлттық институтының басшысы:

- Әлемде енді қазіргідей індет болмайды деп үміттенемін. Бірақ жаман айтпай, жақсы жоқ демекші, өзге эпидемиялар да болуы мүмкін. Сондықтан түрлі індетке қарсы тұру үшін осы бағыттағы зерттеулерді жалғастыра беруіміз қажет.

Сондай-ақ...