Германияда күн жылынды

Германияда қыстың соңғы айы жылы болып тұр. Осы аптада барлық аймақта температура бағаны плюс 15-ке жеткен.

Негізі бұл елде биыл қыс қарлы әрі аязды болды. Күн минус 20 градусқа дейін суытып, соңғы 70 жылда болмаған боран соқты. Көптеген су қоймалары қатып, мұзайдынға айналды. Карантин кезінде коньки тебуге көп адам жиналып, оларды әркез күштеп таратуға тура келген.

Самира, жергілікті тұрғын:

- 3 жастағы сіңілім қарды алғаш рет көрді. Оған қазір бәрі қызық. Қарды қолымен ұстап, шанамен сырғанап жүр. Өз басым жазды жақсы көремін.

Эйге, студент:

- Биылғы қыс өзгеше. Коньки тебу үшін бұрын стадионға баратын едім. Енді далада тебуге мүмкіндік туды.

Юльетта, Аргентинадан келген турист:

- Мен үшін бұл үлкен сыйлық! Германияда осындай тамаша қыстың көптен болмағанына қайранмын. Су қоймасының мұз боп қатқаны керемет болды.

Сондай-ақ...