Сенегалға вакцинаның алғашқы 200 мың дозасы жеткізілді

Сенегалға алғашқы вакцина жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ел Қытайдың «Синофарм» екпесінің 200 мың дозасын алдырған. Препаратты күтіп алуға әуежайға ел президенті мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері арнайы келді. Алғашқы кезекте 3,5 миллион тұрғынға вакцина салынбақ. Бұл – жергілікті халықтың 20%-і.

Естеріңізге сала кетейік, Сенегалда індет басталғалы 31 мың 771 адам ауырып, 769 науқас көз жұмған.

Маки Салл, Сенегал президенті:

- Бүгін мен ортақ жауымызға қарсы күрестің жаңа кезеңіне аяқ бастық деп мақтанышпен айта аламын. Бізде үлкен үміт пайда болды. Аса мәртебелі елші мырза, президент досым Си Цзиньпинге жүрек жарды алғысымды жеткізіңіз.

Ал Сальвадорға Үндістанда жасалған AstraZeneca вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді. Әуежайда баспасөз мәслихатын өткізген осы елдің 39 жастағы президенті ақпан айының аяғына дейін тағы 90 мың препаратқа тапсырыс берілгенін мәлімдеді. Дәрігерлер екпе шараларының бірінші кезеңін бүгіннен бастап кетті. Естеріңізге сала кетейік, Сальвадорда коронавирустан 2 мыңға жуық тұрғын көз жұмған. Ал жұқтырғандар қатары 58 мыңнан асады.

Найиб Букеле, Сальвадор президенті:

- Вакцинаға қол жеткізу бойынша әлемде қазір шын мәнісінде жарыс болып жатыр. Біз екпе алдырған осы аймақтағы екінші елміз. Бұл бастамасы ғана. Наурызда тағы 400 мың вакцина әкелінеді.

Сондай-ақ...