414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Facebook австралиялық БАҚ жазбаларын өшірді

  • 86
  • UPD: 18:43, 18.02.2021
Facebook австралиялық БАҚ жазбаларын өшірді

Facebook австралиялық бұқаралық ақпарат құралдарының желідегі жазбаларын өшірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушыларына жергілікті ақпарат құралдарының жаңалықтарымен бөлісуге тыйым салды. Австралиядағы жергілікті басылымдардың жаңалықтарына ақы төлеуді көздейтін заң жобасына Facebook компаниясы осылай жауап берді. Билік өкілдерінің айтуынша, Facebook пен Google секілді технологиялық компаниялар дәстүрлі БАҚ-ты табысынан айырып отыр. Сондықтан ел үкіметі жаңалықтардың желіден өшірілгеніне қарамастан заң жобасына қатысты жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермек екен.

Пол Флетчер, Австралияның байланыс министрі:

- Біз осы бір заңға қатысты жұмыстарды жалғастыра береміз. Google мен Facebook Австралияның цифрлық экожүйесінің маңызды бөлігі саналады. Ел экономикасы үшін де маңызы зор. Сондықтан олардың біздің елде жұмыс істей беруін қалаймыз. Бірақ австралияда бизнес жүргізгің келсе, ел заңына бағынуың керек.

Хабар 24 телеарнасы