АҚШ-та Trump Plaza ғимараты жермен-жексен етілді

АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында экс-президент Дональд Трамп салған 39 қабатты қонақ үй бұзылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зәулім ғимаратты бұзу идеясын қала мэрі Марти Смолл ұсынған. Себебі, ғимарат апаттық жағдайда көп жыл бойы қаңырап бос тұрған. Жарылғыш затпен қирату шарасын 200 адам тамашалады. Айта кетейік, Trump Plaza деп аталған бұл ғимарат 1984 жылы бой көтеріп, онда қонақ үймен бірге казино жұмыс істеген еді. Ал 2009 жылы Трамп оны сатып жібереді. Бірақ ғимарт атауы өз есімімен аталғандықтан одан кіріс алып келген.

Сондай-ақ...