Уинстон Черчилль салған сурет аукционға қойылады

Ұлыбританияның атақты премьер-министрі Уинстон Черчилльдің өз қолымен салған суреті аукционға қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар тарихи жәдігер 3,5 миллион долларға сатылуы мүмкін деп болжайды. Картинаны Анджелина Джоли сатқалы жатыр. Марокконың Марракеш қаласындағы «Кутубия мешітінің» мұнарасы бейнеленген туындыны Черчилль 1943 жылы салып, АҚШ президенті Франклин Рузвельтке сыйлаған. Бәссауда 1 наурызда өтуі тиіс.

Николас Орчард, аукцион үйінің өкілі:

- Ұлыбритания мен АҚШ-тан сатып аламыз деп хабарласып жатқандар көп. Таяу және Қиыр Шығыстан да қызығушылық танытып жатқандар баршылық. Негізі бізде Уинстон Черчилльдің тағы 2 картинасы бар. Біреуі Марракеш қаласының көрінісі. Екіншісінде әулие Павел шіркеуінің ауласы бейнеленген. Черчилль Лондонның суретін жиі салған.