Иорданияда қар жауып, күшті жел тұрды

Таяу Шығыста табиғат тосын мінез танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иорданияда қар жауып, күшті жел тұрған. Салдарынан білім беру мекемелері жабылды. Коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны да уақытша тоқтатылды. Бірнеше әуе сапары кейінге шегерілген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты премьер-министр бүгін демалыс деп жариялады. Синоптиктер ел астанасы Амманда әлі қар жауатынын болжап отыр. Бірақ оған қамығып жатқан тұрғындар жоқ. Көшеде балаларымен бірге қар атысып жүргендер көп.

Мохаммад Шахин, жергілікті тұрғын:

- Бізде қардың жаумағанына 5-6 жыл болды десем, өтірік айтпаған болармын. Оны көп күттік. Қуанышымызда шек жоқ. Таңертеңнен бері сыртта жүрміз.

Көрші Сирияда да қар жауды. Салдарынан көлік қатынасы қиындаған. Ел астанасы Дамаскта студенттердің емтихандары кейінге шегерілді. Синоптиктердің болжамы көңіл көнштіпейді. Олар алдағы күндері шаһарда қар басылмайтынын айтады.