Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасын қолдануға рұқсат берілді

Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасын қолдануға рұқсат берілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдің Гамалея ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» вакцинасын Өзбекстанда қолдануға рұқсат берілді.

Республикалық арнайы комиссия мәліметінде, «Спутник V» вакцинасы клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Өзбекстанда сертификаттаудан өткізіп жаппай қолдануға мақұлданғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта осы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алу бойынша шаралар қабылдануда, - делінген.