420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда 90 адам өз еркімен вирус жұқтыруға келіскен

  • 73
  • UPD: 09:41, 19.02.2021

Алдағы аптадаҰлыбританияда коронавирусқа қатысты жаңа зерттеу басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 18-30 жас аралығындағы 90 адам қатысуы тиіс. Оларға вирус салынады. Тәжірибеге тәуекел еткендер 20 күндей дәрігерлер мен ғалымдардың жіті бақылауында болады. Еріктілерге жылына 4 жарым мың фунт стерлингтен төленеді. Бұл теңгеге шаққанда 2 жарым миллионнан асады. Зерттеудің мақсаты – адамның иммундық жүйесінің COVID-19-ға қарсы қалай әрекет ететінін анықтау. Сонда ғалымдарда індетке қарсы вакциналарды жетілдіру мүмкіндігі пайда болады. Жоба нәтижесі коронавирусты емдеу әдісіне де әсер етуі мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы