Бразилияда коронавирус жұқтыру бойынша жоғары көрсеткіш тіркелді

Соңғы 1 күннің ішінде індетке шалдыққандар саны 50 мыңнан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша ауырғандар қатары 10 миллион адамға жетті. Мамандар эпидемиологиялық жағдайдың ушығуын коронавирустың жаңа штамдарымен байланыстырады. Ғалымдардың айтуынша, мутациялар 70 процентке тез таралады. Оның үстіне, елдегі вакциналау науқаны да тоқтап қалды. Бұған препараттардың уақытылы жеткізілмеуі себеп. Билік екпе шараларын келесі аптада қайтадан қолға аламыз деп уәде беруде. Вакцина Қытайдан жеткізілуі тиіс.

Александр Найм Барбоз, дәрігер-инфекционист:

– Вакциналау науқанын тежеу коронавирустың жаңа штамдарының таралуына жол береді. Ал бұл мутациялардың қауіп-қатері анағұрлым жоғары. Сондықтан вакциналауды тез арада қайта жандардыру қажет.