АҚШ-та 34 адам қолайсыз ауа райының құрбаны болды

АҚШ-тың жеті штатында аяз бен қолайсыз ауа райының салдарынан қаза тапқандар саны 34-ке жетті, деп хабарлады ТАСС.

Өлім-жітімнің ең көп саны Техас штатында тіркелген, онда ауа райының күрт бұзылуымен байланысты оқиғалар салдарынан 20 адам қаза болды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес бұрқасын салдарынан Техастың 300 мыңға жуық тұрғыны әлі күнге дейін жарықсыз отыр, олардың 260 мыңнан астамы ағын сусыз қалған. Сәрсенбіде ауа райының қолайсыздығына байланысты шамамен 2300 ішкі және халықаралық рейс тоқтатылды. Жағдай Техас, Миссисипи және Кентуккидегі әуежайларда күрделі болып тұр.