419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жер шарында сейсмикалық белсенділік төмендеген

  • 80
Жер шарында сейсмикалық белсенділік төмендеген

2020 жылы жер шарындағы сейсмикалық белсенділік азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай оң өзгеріске коронавирусқа қарсы локдаун және басқа шектеу шараларының енгізілуі себеп. Бұл туралы 33 елден тартылған сейсмологтардан құралған халықаралық топтың зерттеуінен кейін анықталды. Олар әлемдегі 268 сейсмикалық станцияның 185-індегі шудың деңгейін арнайы құралдармен өлшеген. Адамдардың қарбалас тірлігі мен өндірістің тоқтатылуынан жердің ішкі қыртысында тыныштық пайда болған. Сондай-ақ қалалардағы у-шу да азайған. Сарапшылар қалыпты өмірде тек жаңажылдық демалыстар кезінде ғана сәл-пәл тыныштық болатынын алға тартады.

Мишель Марти, Швейцарияның сейсмикалық қызмет өкілі:

– Біздің зерттеушілер халықаралық деңгейдегі әріптестерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде сейсмикалық шу мен қалалардағы дамылсыздық едәуір саябырлағанын анықтады. Мұндай оң өзгеріске әртүрлі елдерде енгізілген локдаундардың тікелей әсері бар.

Хабар 24 телеарнасы