416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция наубайшылары багетті ЮНЕСКО тізіміне қосуды ұсынды

  • 59
  • UPD: 14:00, 19.02.2021
Франция наубайшылары багетті ЮНЕСКО тізіміне қосуды ұсынды

Франция наубайшылары ұлттық символға айналған багет нанын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне қосуды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті наубайшылардың айтуынша, коронавирус індеті кезінде адамдар көп нәрседен бас тартты, бірақ олардың багетсіз өмірі өтпеген. Сондықтан тағамның осы түріне айрықша мәртебе берген абзал. Осындай ресми бастама көтерген Париждегі кәсіпкерлердің ұсынысын қазір елдің мәдениет министрлігі қарап жатыр.

Микаэль Рейделле, наубайхана желісінің иесі:

- Бұл өнімді 33 мың француз наубайшы пісіріп, ұсынады. Олар осы асты сүйіп жейтін тұрғындар үшін ерінбей еңбек етуде. Багеттің құнды екенін халықаралық деңгейде мойындаудың маңызы дәл қазір ерекше болып тұр. Себебі коронавирустың кесірінен бір жылдан бері ісіміз кері кетті.

Хабар 24 телеарнасы