Австралия тұрғыны жетім кенгурулердің жебеушісі болып жүр

Австралияда айналасына бей-жай қарамайтын белсенді тұрғын жетім боп қалған кенгуруларды асырап, қатарға қосады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанашыр жан сауапты істі 10 жыл бұрын қолға алған. Осы уақыт ішінде ол 200-ден астам жетім кенгуруге қамқорлық жасап, әбден жетілген соң, еркіндікке жіберген. Біразы әлі келіп-кетіп жүреді екен. Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы еріктілер жануарларға көмек көрсететін арнайы ұйым құрып алған. Себебі аймақтағы кенгурулерге қамқорлық ауадай қажет. Былтыр өңірде қатты құрғақшылық орнап, 14 миллион кенгурудің 25 проценті қырылып қалған.

Кристи Джаррет, ерікті:

- Бостандыққа жіберген кенгуру кете алмайды, үйдің жанында біраз уақыт жүріп алады. Тіпті кейде қайтып келеді. Осы нәрсе менің жан-дүниемді қозғап жіберді. Себебі ол жабайы жануар емес пе?! Өкініштісі, жарақат алған кенгуруды құтқара алмай қалатын кездер де болады.

Сондай-ақ...