Нигерияда қарулы топ мектеп-интернаттан 42 адамды ұрлап кетті

Нигерияның солтүстігінде белгісіз біреулер мемлекеттік мектеп-интернатқа қарулы шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақ губернаторының мәлімдеуінше, қаскүнемдер бір оқушыны атып өлтіріп, 42 адамды ұрлап әкеткен. Қолды болғандардың арасында 27 бала мен мұғалімдер бар. Қылмыскерлер мектептің күзетшілерін соққыға жыққан. Әзірге бұл шабуылды ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Билік аймақтағы барлық мектеп-интернаттарды жауып, қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Калеб Самайла, оқушы:

– Шабуыл кезінде жатақханада ұйықтап жатқан едім. Атылған мылтық дауысынан шошып оянып, сыртқа атып шықтым. Қарулы адамдарды көріп, шарбақтан секіріп, қашып құтылдым.