414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Брюссельде EXPO орталығында ашылған ең ірі вакциналау орталығы жұмыс істемей қалды

  • 46
  • UPD: 13:24, 19.02.2021
Брюссельде EXPO орталығында ашылған ең ірі вакциналау орталығы жұмыс істемей қалды

Бұған екпеге шақырту жіберетін компьютерлік бағдарламадан шыққан ақау себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орын 1 ақпанда дайын болған еді, бірақ орталыққа вакциналар әлі жеткілікті мөлшерде жеткізілмей жатыр. Сондықтан болар, Бельгияда халықтың төрт-ақ проценті екпе алған. Аталған орталық күніне 4-5 мың науқас қабылдаймыз деп жоспарлаған, алайда әзірге вакцина салдырғандар саны мыңға да жетпейді. Дәрігерлер көп ұзамай вакциналау ісі жанданатын шығар деп үміттенеді.

Эмин Лука, Brussels EXPO бас атқарушы директоры:

– Сейсенбі күні медицина қызметкерлері мен коронавируспен күресте алғы шепте жүргендерге вакцина алуға шақырту жіберетін компьютерлік жүйе істен шықты. Шақыру жіберілмегендіктен, бізге сәрсенбіде жұмысқа шықпауға өтініш жасалды. Екпені өндіру және оны Бельгия емес, бүкіл Еуропа бойынша жеткізу ісінде әлі де кемшілік бар.

Элвис Катуала, жалпы тәжірибелік дәрігер:

– Жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде вакцинаны салдырған дұрыс деп есептеймін, себебі дәрігерлер науқастармен өте тығыз жұмыс істейді. Бізге қаралатын адамдардың жартысынан көбі – осы коронавирусты жұқтырғандар. Бұдан басқа, біз ковидке қатысты тест аламыз. Вакциналаудың біз үшін маңызы ерекше.

Хабар 24 телеарнасы