ДДСҰ Гвинеяға эболаға қарсы вакцина жіберді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Гвинеяға эболаға қарсы вакцинаның 11 мың дозасын жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін ғана бұл елде аталған індеттен 5 адам көз жұмды. Қаралы хабарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі таратты. Сарапшылар аймақта эболаның таралу қаупі өте жоғары деп дабыл қағуда. Бұдан басқа, Африкаға АҚШ-тан тағы 9 мың доза екпе жеткізілмек. Гвинеялық мамандар вакциналау науқанын бастауға сақадай сай тұр.  

Мишель Яо, ДДСҰ стратегиялық операциялар жөніндегі директоры:

– Вакцинаны ең алдымен медициналық қызметкерлер алады, себебі олар науқастармен тікелей жұмыс істеп, қауіп-қатердің нағыз ортасында жүр. Екіншіден, жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған барлық адамды егеміз. Конгодағы тәжірибе көрсеткендей, бұл - орынды стратегия.