Марсқа қонған Perseverance аппараты Жерге мәлімет жіберді

NASA-ның Perseverance деп аталатын ғарыш құралы Марсқа қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әқызыл ғаламшарға ұшырылған тоғызыншы ғарыш құралы. Ғалымдар осы зонд арқылы Марста тіршілік ететін бактерияның бар-жоғын зерттеп, білуі тиіс.

Ғарыш құралы Марсқа барған бетте Жерге мәлімет жіберді. Беймәлім планетадан келген кадрларды қабылдағандардың қуанышында шек жоқ.

Perseverance зонды АҚШ-тан өткен жылдың шілдесінде аттанған болатын. Оны алып ұшқан зымыран Марсқа 500 миллион шақырым жүріп жеткен. Бірақ «қызыл ғаламшарға» қону анау айтқандай жеңіл болмады. Себебі Марс атмосферасында газ қысымы өте жоғары. Бұған дейінгі миссиялардың 60 проценті сәтсіз аяқталған.

Стив Юрчик, NASA басшысы:

– Өзім қатты қайран қалдым. Бәрі жоспарға сәйкес жүзеге асты. Оның үстіне, пандемия келіп, жұмысымызда кедергі көбейді. Ақыры осылай сәтті болғанына шексіз қуаныштымын.

Ғарыш құралының Марсқа табан тіреген сәт барлық тұрғындар көре алатындай тікелей эфирде көрсетілді. Тарихи мезетке Франция президенті де куә болды. Бұл миссияның басты міндеті – Марста тіршілік ізін іздеп көру. Ғалымдар «қызыл ғаламшарда» 3-4 миллиард жыл бұрын өмір болған деп сенеді.

Кеннет Фарли, NASA-ның ғылыми қызметкері:

– Басқа планетада тіршілік болғанын дәлелдеу өте қиын. Біздің мақсатымыз – үлгілер алдырып, оларды арнайы зертханада талдау. Сонда Марстағы өмірге қатысты түпкілікті жауап алар едік.

Бұл – Марсқа кеткен үшінші ғарыш құралы. Былтыр Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктері де өз аппараттарын жіберген болатын.

Ернат Мелсұлы

Сондай-ақ...