Талай раллиге куәгер болған Дакар шаңның астында қалды

Дакарды шаңды дауыл басты. Қалада 100 метр қашықтыққа көз жеткізу мүмкін емес. Соның салдарынан балық аулап нәпақасын тауып жүрген мыңдаған балықшы теңізге шыға алмай қалды. Дегенмен, жергілікті синоптиктер аспанға көтерілген шаңның демалыс күндері басылатынын айтып, жұртты қуантып отыр.

Айта кетейік, Батыс Африкада табиғаттың осы бір құбылысы жыл сайын қараша мен наурыз аралығында болады. Ол Сахарадан соққан желмен байланысты. 

Ибра Ндиай, балықшы:

- Шаңды дауыл жағдайымызды қиындатып жіберді. Өйткені көзге ештеңе көрінбейтіндіктен кейде теңізге шыққан қайықтар жоғалып кетіп жатады.

Сондай-ақ...