Airbus шығыны бір млрд доллардан асты

Әлемдегі ең ірі әуеқұрылыс компанияларының бірі – Airbus былтыр 1 миллиард 100 миллион доллар шығынға батқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәріне коронавирус себеп. Былтыр компания небәрі 268 коммерциялық ұшаққа тапсырыс алған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 3 есе жоғары болған екен. Сол себепті былтыр жазда Airbus 15 мың қызметкерін қысқартатынын жария етті. Қысқартуға негізінен Франция мен Германиядағы зауыттардың жұмысшылары ұшырайды. Компания өкілдері сала тек 2023-2024 жылдары ғана қалпына келеді деп болжап отыр.

Гийом Фори, Airbus компаниясының бас директоры:

- Әуеқұрылыс саласының қалпына келуі көп нәрсеге байланысты. Мәселен, бұл жағдайға вакциналаудың тиімділігі әсер етуі мүмкін. Біз сондай-ақ түрлі елдердің билігінің шешіміне де тәуелдіміз. Өйткені олар шектеулерді ұзарта ма, жоқ па - мұны білмейміз.