Билл Гейтс пандемияны тоқтату жолын айтты

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирустың таралуын тоқтататын жалғыз жол – COVID-19 вакциналарын шығаратын кәсіпорын құрылысына инвестиция салу екенін айтты.

Бұл туралы ол 19 ақпанда Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бізге инвестиция қажет. Мұның ешқашан қайталанбайтынына сенімді болу үшін аздаған миллиард керек», - деп жазды РИА Новости миллиардердің сөзін.

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі елдер мен корпорациялар арасында ынтымақтастық қажет екенін де атап өтті. Оның пікірінше, қазір және алдағы жылдары препараттарға тең деңгейде қол жеткізу және болашақта осындай апаттардың алдын алу үшін сараптамалық деңгейде бірігу негізгі әлемдік басымдық болуы тиіс.

Гейтстің сөзін конференцияның YouTube-тегі ресми арнасы көрсетті.