Мюнхендегі қауіпсіздік жөнінде конференциясы онлайн өтті

Германияның Мюнхен қаласында қауіпсіздік жөніндегі 57-ші халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосу коронавирус індетіне байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Басқосуға тек АҚШ, Германия, Франция башылары мен Еуроодақ және НАТО өкілдері қатысты. Ал Ресей, Қытай және Таяу Шығыс өкілдері көрінбеді. Кездесуде кронавирус індеті, климаттың өзгеруі, лаңкестік сынды ғаламдық мәселелер талқыланды. Айта кетейік, Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен халықаралық конференциясы алғаш рет 1963 жылы өткен болатын.