Мексикада коронавирус індеті таралғалы 3000 дәрігер көз жұмған

Мексикада коронавирус індеті таралғалы дерттен 3 мың дәрігер қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал вирусты осы саланың 40%-ке жуық маманы жұқтырып алған. «Бұл әлемде денсаулық сақтау саласы мамандары арасындағы өлім-жітім бойынша ең жоғарғы көрсеткіш», - дейді сарапшылар. Салдарынан денсаулық сақтау жүйесіне зор шығын келіп, дәрігерлер наразылығы күшейген. Ал елде вирустың таралуы бәсеңдемей тұр. Вирусты жұқтырғандар саны 2 миллионнан асқан.

Мирель Аранг, дәрігер:

- Індет бізге физикалық тұрғыдан ғана емес, психикалық жағдайымызға да қатты әсер етті. Бізге эмоцианалдық тұрғыдан қалпымызға келу үшін үзіліс керек шығар. Себебі, жұмыста күнде науқастардың кеселедн көз жұмуын көру адамға өте ауыр тиеді екен.