НАТО Ауғанстаннан әскерін шығару уақытын әлі айқындамады

НАТО қорғаныс министрлерінің Ауғанстаннан әскерін қай уақытта шығаратыны белгісіз.

Брюссельде өткен басқосуда тиісті шешім қабылданған жоқ. Бұған дейін альянс елден өз күштерін мамыр айында әкетеді деген ақпар тараған еді. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, бұған дейін әскер саны қысқартылған. Ал Ауғанстаннан толық шығару мәселесі көп ұзамай шешілуге тиіс. Сонымен қатар Ирактағы сарбаздардың саны 500-ден 4 мыңға дейін көбейеді. Олар ел әскерінің лаңкестермен күресуіне көмектеседі.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

- Ауғанстандағы әскерді шығаруға қатысты әлі шешім қабылданған жоқ. Алдағы уақытта ұйымға мүше елдер осы мәселені талқылауды күшейтетін болады. Ресми Кабул мен «Талибан» қозғалысы арасындағы келіссөз әлі жетістікке жеткен жоқ. Салдарынан елде зорлық-зомбылық күшейген. Біз Талибан қозғалысын барлық халықаралық лаңкестік ұйымдармен байланысты тоқтатуға шақырамыз.