Еурокомиссия: Климаттың өзгеруімен күресте күш біріктіру керек

Еурокомиссия басшысы Урсула Фон Дер Ляйен климаттың өзгеруімен күресте Еуропа мен АҚШ-ты күш біріктіруге шақырды.

Сонымен қатар цифрлық нарықты дамыту саласында жаңа іс-әрекеттерді қолға алу қажеттігін айтты. Бұл ірі технологиялық компаниялардың ықпалын бақылауда ұстауға көмектеседі дейді ол.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Біз цифрлық экономика үшін ортақ ережелер дайындап шығарумыз керек. Ол адам құқығы мен ашықтыққа негізделуі тиіс. Себебі алпауыт компаниялардың демократиямызға әсер ететін әрекеттерін бақылаусыз қалдыруға болмайды. Фейсбуктың Австралияға қатысты шешімі осының бір дәлелі.