Ауғанстанда лаңкестер бірнеше көлікті жарып жіберді

Ауғанстан астанасында үш бірдей жарылыс болып, 5 адам қаза тапты.

Тағы бірнешеуі жарақат алды. Алғашқы жарылыс кезінде 2 бейбіт тұрғын жараланған. Ал екіншісінде Ұлттық әскер сарбаздары мінген көліктегі 2 жауынгер көз жұмды. Осыдан кейін шаһардың өзге ауданында полицейлер мінген көлік атылып, бірнеше тәртіп сақшысы қаза тапты. Шабуыл қай лаңкестік топтың әрекеті екені әзірге белгісіз.