Джакартада 1 мыңнан аса адам эвакуацияланды

Индонезияда толассыз жауын жауып, ел астанасы Джакартаны су басты.

1 мыңнан аса адам эвакуацияланды. 1 адам опат болған. Шаһардың кей жерінде су деңгейі 2 метрге дейін жетеді. Көп көліктерді су ағызып, үйлер бүлінген. Жауыннан Бекаси қаласын да су басып, тұрғындар көп зардап шекті. Ал күн райын болжаушылар маусымдық жауын әлі жалғасатынын айтады.

Анис Басведан, Джакарта қаласының губернаторы:

- Қазір басты міндет - адамдардың қауіпсіздігі. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға барлық көмек көрсетілетін болады. Шаһарда апатты аудандардан көшірілген адамдарды орналастыратын орталықтар ашылды.