419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ бірқатар елді климаттың өзгеруімен күресті күшейтуге шақырды

  • 97
АҚШ бірқатар елді климаттың өзгеруімен күресті күшейтуге шақырды

АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри ғаламдық жылынумен күресте Париж келісіміне қатысушы елдер қатарын көбейтуге шақырды.

Керри бұл әлемнің тұрақты дамуына қауіп төндіріп тұрған басты мәселе екенін айтады. Сондықтан дүние жүзі елдері 2030 жылға дейін шұғыл шаралар қабылдау керек дейді ол. 

Джон Керри, АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі:

- 3 жыл бұрын ғалымдар климаттың өзгеруі әлемде апаттық жағдайға әкелмес үшін бізде 12 жыл барын ескерткен еді. Қазір 3 жылымыз өтіп 9 жыл қалды. Енді кешігуге болмас.

Хабар 24 телеарнасы