416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда жаппай вакциналау наурызда басталуы мүмкін

  • 104
  • UPD: 22:27, 20.02.2021

Ол үшін республикада 3 мыңнан астам егу кабинет мен 820 жедел бригада құрылған.

Бүгінде Өзбекстан коронавирусқа қарсы препарат өндіретін 12 компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Ал ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1 млн дозасын сатып алмақ. Бұл препарат бес күн бұрын сертификациядан өтті. Ал шілде айында қытайлық «Жифэй» вакцинасын жеткізу көзделген. Қазір AstraZeneca препаратының 2,5 млн дозасын сатып алу да қарастырылып жатыр. Ең бірінші кезекте коронавирусқа қарсы препарат 65 жастан асқан егде адамдарға, созылмалы ауруы бар науқастарға, медицина, балабақша, мектеп және университет қызметкерлері мен құқық қорғаушыларға салу көзделген. Жақында жергілікті билік бұлардың сапына БАҚ өкілдерін, қоғамдық көлікте жұмыс істейтін адамдар мен еңбек мигранттарын да қосты.

БЛИЦ:

- Жаңа вирус толықтай зерттелген жоқ. Сол себепті 100 процент тиімді болатын вакцинаны ешкім ойлап таба алмайды деп ойлаймын. Сол себепті мен әзірге вакцина ектірмеймін.

- Әрине вакцина алған дұрыс. Бұл жұқпалы аурудың алдын алуға көмектеседі. Өз басым ресейлік препаратты салдырғанды жөн көрем.

- Мен Кеңес одағында өмір сүрген адаммын. Ол кезде түрлі эпидемияға қарсы вакцина салдыратын. Сол себепті бұл жолы да екпе егуге қарсы емеспін.

Хабар 24 телеарнасы