Тәуелсіз сарапшылар Оңтүстік Кореядағы вакциналау жұмыстарына күмәнмен қарайды

Бұл туралы Корея медициналық қауымдастығының мүшелері Сеулде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Олардың айтуынша,республика тұрғындарының 70 процентіне осы жылдың қыркүйегіне дейін вакцина егу жоспарын орындау қиын. Коронавирусқа қарсы алғашқы екпелер келесі аптада басталады. Алғашқы кезеңде AstraZeneca егіледі. Алайда оны 65 жастан асқан адамдарға қолдану жайы әлі бекітілген жоқ. Бұл туралы шешім наурыз айының соңында қабылданады. AstraZeneca, Pfizer, Janssen және Moderna вакциналарының 106 миллион дозасы елге осы жылдың соңына дейін жеткізіледі. Бұл Оңтүстік Корея халқына артығымен жетеді. Бірақ медициналық қауымдастық тұрғындардың 70 процентін вакциналау үшін елде медициналық персонал жеткіліксіз деп есептейді.

Чой Дже Ук, Корея медициналық қауымдыстығының комитет төрағасы:

- 8 айдың ішінде күн сайын 400 мың екпе салу керек. Бұл үшін 4 мың дәрігер мен 16 мыңға жуық медицина және бірнеше мың әкімшілік қызметкер қажет. Бірақ әзірге вакцинация орталығында қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз ету жоспары жасалмаған.

Ём Хо Ги, Индже университетінің профессоры:

- Егер халықтың 30 процентіне ғана вакцина егілсе, ешқандай нәтиже болмайды. Былтыр тұмаудан екпе салғанда өлім жағдайлары болды, үкімет оны реттеуге тапсырма берді. Вакциналау 2-3 айға кешіккені маңызды емес, маңыздысы сенімділікті арттыру керек.